05.05.2014
«ҚХА сессиясыжұмысына мен үшінші рет қатысып отырмын. Әсіресе онда мен ҚР Президенті, ҚХАТөрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен рухани келісімдегі қазақстандықмәдениеттің жеті ұстанымы туралы баяндамасын ерекше есте сақтап қалдым. Олардыңәрқайсысы бүгінде өте маңызды және этникалық, тілдік, діни және әлеуметтікерекшліктеріне қарамастан барлық қазақстандықтарға ортақ және халқымыз елдіңэкономикасының дамуы, тілдік мәселелер, теріс пиғылды экстремистік әрекеттерденсақтану, елдің барлық этнос өкілдерінің тығыз байланысына белгілі бір деңгейдежауапты», - дейді В.Гуменный.
Сонымен қатар, ол, Қазақстанда ҚХА қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме құрылатынын айтты.
«Бұл бастаманың іске асырылатыны белгілі еді. Біз бұрын да мұндай құрылымның керектігін көтергенбіз. Бастысы, мен этномәдени бірлестік идеясын көтеріп, оны кейінгілерге де мұра етіп қалдырамын. Бұл біздің басты құндылығымыз. Оны біз басы бүтін келер ұрпаққа аманаттауымыз керек», - дейді.