• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Біздің күш-қуатымыз – бірлікте – Зәмзәгүл Бимағанбетова 05.05.2014

«XXI сессияға біздің өңірден Қазақстан халқы Ассамблеясының 14 мүшесі аттанды. Сонымен қатар, облысымыздан арнайы шақыртумен шешен, украин және болгар этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты», - дейді З.Бимағанбетова.  

Сессияға дейін Ақтөбеде осы шараның құрметіне бірқатар шаралар қолға алынды. Және де Қазақстан халқы бірлігі күніне орай да түрлі шаралар ұйымдастырылды. Мысалға, «Бірлік – біздің басты байлығымыз» атты XV  облыстық фестиваль өтті. Ол Достастық үйінің бес жылдығына арналды. Оның ашылуында кезінде Мемлекет басшысының өзі қатысқан болатын. Бүгінде достастық үйлері барлық ұлт өкілдерінің басын бір жерге қосып отыр. Жергілікті билік өз кезегінде оған материалдық және моральдық қолдау көрсетеді.  

Айта кетерлігі, Ассамблеяның өткен сессиясында Президенттің алдында Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Сергей Вишняк сөз сөйледі. Ал соңғы сессияда Бейбітшілік және келісім сарайында біздің облыстың «Эллада» грек этномәдни бірлестігінің әртістері өз өнерлерін көрсетті. 


Back to the list