03.05.2014
Қала басшысы спорт пен веложүгіруді сүйген халықтың саны артқанын атап өтті, деп қала әкімдігі хабарлады.
«Қазір Алматыда велосипедтердің саны 90 мыңға жетті. Соңғы бес жылда велосипед сататын дүкен саны жиырмадан отызға дейін жетті. Яғны, 2,5 есеге өсті, ал жалға беретін жерлер саны 3-тен 21-ге жетті»-деді Ахметжан Есімов.
Әкім сондай-ақ, 20 сәуір күні Алматыда III қайырымдылық марафоны өтті, ол он мың адамды жинағандығын атап өтті. Сондай-ақ, ол шара тұңғыш рет халықаралық дәрежеге ие болды. AIMS- халықаралық марафон мен жүгіру қауымдастығы негізінде өтті.
Айта кетейік, Алматыда алты жыл қатарынан веложүгіру өтеді. Оның мақсаты-салауатты өмір салты мен веложүгіруді насизаттау.