• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н. Назарбаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады 01.05.2014

«Бүгін менің ойымша, ұлы мереке. Ол- Қазақстан халқының  бірлігі күні. Бірлік сөзін айту өте оңай, алайда оның мағынасы тереңде жатыр. Егер де отбасында бірлік, береке болса, ол берекелі, егер де ол жоқ болса, ол отбасы ажырап кетеді. Егер де кәсіпкерлікте бірлік болмаса, жұмыс алға баспайды, соңында банкротқа ұшырайды. Егер де мемлекетте бірлік болмаса әрбір өңір өзінің жағына тартатын болады, ол кезде мемлекет құлайды», -деді Мемлекет басшысы.

Ол мемлекет негізі мен тамыры бірлік  екенін атап өтті.

«Біз көпұлтты мемлекетпіз. Біздің бірлігіміз бұл тұрақтылықтың белгісі. Адамдар тыныш өмір сүрген мемлекетте  бақыт та белең алады. Біз бір елде, бір қоғамда өмір сүрудеміз. Біз елде тыныштық болса ғана жақсы өмір сүреміз. Егер де елде тыныш болса оның халқы да бақытты  болады», -деді Елбасы.

 


Back to the list