01.05.2014
Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орайластырылған ассамблея сессияда аймақ басшысы Қанат Бозымбаев мемлекеттік саясатты, қазақстандық патриотизмді іске асыру, ұлтаралық келісімді нығайту, тұрақтылықты сақтауға қосып жатқан үлесі үшін өңірдің 23 этномәдени бірлестіктері басшыларына облыс әкімінің гранттарын табыс етті, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Бұл тұрғыда белсенді ұл- Жиын барысында аймақ басшысы Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында қала-аудан әкімдеріне маңызды тапсырмалар жүктеді.
Сессия барысында облыстық этномәдени бірлестіктер басшылары мен мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында көпұлтты еліміздің экономикасы дамып, халқымыздың тұрмысы жақсарды. Осындай игілікке жетуде Қазақстан халқы Ассамблеясы сүбелі үлес қосуда. Бейбітшілік пен келісімнің тірегі болған ҚХА - әлемдегі теңдесі жоқ бірегей институт. Қазақстан Мәңгілік ел боларына сенімдімін. Себебі, біздің бірлігіміз – жарасымды, мақсатымыз – айқын», - Павлодар облысының әкімі Қ.А. Бозымбаев.