01.05.2014
«Бұл мерекелі, берекелі мерекеде барлық қазақстандықтар бірлік, ынтымақтастықтың қадірін біле түседі. Сондықтан да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жетістіктердің барлығын халық бірлігімен байланыстырады. Бұл негізгі іргетас арқасында біздің экономикамыз, әлеуметтік және саяси жағдайымыз орнығып, тұрақталды. Яғни, 2050 Стратегиясының негізі қаланды», -деді аймақ басшысы Қ. Айтмұхаметов.
Мерекелік шара Абылайхан алаңында басталып, фестивальге ұласты.
«Тәуелсіздік» алаңында Көкшетау тұрғындары киіз үйден құралған этноауылды тамашалады. Олар он бір павильон мен этноүйден тұрады.
Мерекелік шара шеберленген ән мен күйге ұласты, облыстың этномәдени ұйымдары өзінің шығармашылық нөмірлерін ұсынды.
Концерттен соң кәсіпкерлер мен қала ұйымдарының жәрмеңкесі өтті.