30.04.2014
Алаңда 16 шатыр қойылады. Онда Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сәндік халықтық-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өткізіледі, деп облыстық әкімдіктен хабарлады.
Бұдан басқа, этноауылды ұйымдастыру көзделуде. Әр этноүйде әр этностың салт-дәстүрі, ұлттық аз мәзірі, мәдениеті мен ұлттық қол өнер туындылары қойылады. Сонымен қатар, фестиваль аясында Ақмола облысы ҚХА белсенділері марапатталатын болады.
Сондай-ақ, өңірдегі этномәдени бірлестіктерді қатысуымен мерекелік концерт жоспарланған. Қала тұрғындары үшін арнайы мерекелік жәрмеңке де өткізіледі.