22.04.2014
«Қазіргі таңда министрлік 2015 жылы атқарылатын бірқатар шаралардың Ұлттық жоспары жобасын дайындауда. Ұлттық жоспар ұлттық бірлікті сақтау, қоғамдық келісім мен тұрақтылық, қоғамық қатынастар саласында мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы механизмдерін жетілдіруге бағытталған», - дейді министр.
Оның айтуынша, Ұлттық жоспар жобасында 5 негізгі блок қарастырылатын болады.
«Бірінші блок – ұйымдастырушылық-әдістемелік шаралар. Бұл тапсырманы орындау үшін қажетті қосымша құжаттарды дайындау мен қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін қамтитын әдістемелік шаралардың жоспар кешенін тиімі орындау үшін қажетті шаралар.
Екінші блок ғылым, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік саясат пен кәсіпкерлік саласындағы қоғамның болашақта бірігуіне бағытталған шараларды қамтитын қоғамдық-көпшілік шаралардан тұрады», - дейді министр.
Министрдің мәліметінше, аталмыш блок аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан халқы форумы өткізіледі. Шараны өткізу Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурызға белгіленіп отыр.
«Үшінші блок бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық-насихаттау жұмыстарына арналған. Соның ішінде деректі фильмер мен имидждік материалдар қарастырылмақ. Төртіншісі Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Конституцияның 20 жылдығына қатысты ғылыми-сараптамалық дүниелерден тұрады», - дейді А.Мұхамедиұлы.