• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан халқы Ассамблеясы дана  және өзекті институт - Г.Мұсабаева 18.04.2014

«Мен бүгін еліміздің танымал адамдарымен президиумда бірге отыру құрметі не ие болдым. Менің пайымымша әлем бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы ең дана, дұрыс және өзекті институт болып табылады. Бүгін біз айтатын басты міндет ол - этносаралық келісім мен бірлікті сақтау», - деді Г.Мұсабаева.

ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы мүшесінің хабарлауынша, «біздің мемлекетте 140-тан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатыр. Және барлығы да бір құндылықтың айналасына топтасқан. Бұл біздің «Мәңгілік Ел»  бағдарламасы мен ұлтаралық бірлестік, келісім мен еліміздің гүлденуіндегі басты  платформамызға айналмақ.

Сонымен қатар, Г.Мұсабаеваның айтуынша, Қазақстан халқы бірлігі күні – ұлы мереке.

«Оның негізінде халықтар деген ұғым емес, Қазақстан халқы деген ортақ құндылық бар. Бұл біздің барлығымызды бейбіт түрде бір идея айналасына топтастырады. Аталмыш мереке Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерінің мәдениетімен дәстүрін тамашалауға таптырмас мүмкіндік», - дейді ол.

 

 


Back to the list