• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Н. Назарбаев: Пасха -  қазақстандықтардың діни сенімінен  тәуелсіз,  барлығына ортақ мейрам 18.04.2014

«Осындай көктемнің күнінде барлық қазақстандықтарды мейрамдарымен құттықтап, бейбітшілік пен жақсылықты, өзара түсіністікті тілеймін», - деді ол.

«Біздің сессиямыз екі күннен кейін біздің барлық христиан азаматтарымыз тойланатын Пасха мейрамы қарсаңында өтіп отыр. Оны католиктерде, православтық христиандар да атап өтеді. Бұл – қандай дінді ұстанатынына қарамастан барлық қазақстандықтардың мейрамы», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарды алдағы мейраммен құттықтады.

«Біз мұсылмандар мен Қазақстанның өзге конфессияларының мейрамдарын да осылайша тойлаймыз. Бұл – біздің халық жанының кеңдігі. Көктемнің бұл күндерінде мен барлық қазақстандықтарға бейбітшілік, жақсылық, өзара түсінушілік пен саулық тілеймін», - деді Президент. 

«Біздің қоғамда адамдар өзарасыйластықты сақтайтын болса еліміз жарқын болатынына сенімдімін», - дейді Президент.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының төрағалығымен «Қазақстан-2050»  Стратегиясы: мәдениет, бейбітшілік, руханият және келісім» тақырыбына Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы өтіп жатыр. 


Back to the list