17.04.2014
Мақсат, облыста тұратын этностардың тілі мен салт-дәстүрін насихаттап, халықтар арасындағы достықты нығайту, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Биыл он бесінші рет өткізіліп отырған шараға аймақтағы этномәдени бірлестіктер белсене қатысты. Аудандардан келген өнерпаздар да ерекше ықыласпен дайындалыпты.
«Ақтөбе облысында 86 этнос өмір сүруде, аймақтың 20 пайызы – жергілікті ұлт болса, олардың барлығы айрандай ұйып отыр. Біздің мақсатымыз бір, ол гүлденген мемлекет», - деді Облыстық мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары Қыдырғали Ермұхан.
Айта кетерлігі, 2014 жылы Ақтөбе облысының Достық үйі өзінің бес жылдығын атап өтуде.