• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Павлодар мен Өскеменде жасотандықтар ұлтаралық келісім аспектілерін талқылады 16.04.2014

«Біз қоғамдағы келісімді, ұлттар достығын, қай этносқа жатсада, діни сеніміне қарамастан жастар арасындағы бір-біріне деген  құрметін сақтап оны одан ары нығайтуымыз керек», - деп «Жас Отан»ЖҚ Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Данияр Айтышев ағынан жарылды.

Жастар клубының алаңында өткір әлеуметтік мәселелерде көтерілді. Олар: тұрғын үй мәселесі, жұмысқа орналасу, денсаулық пен спорттық нысандардың, қоғамдық көліктердің  қолжетімділігі, жеңілдіктер, діни сауаттылық, деп Нұр Отан партиясының ресми сайтынан хабарланды.

Дәл осындай отырысты Өскеменнің жастарыда өткізді. Онда патриотимз, жастардың рухани-адемгершілік тәрбиесі мен ұлтаралық келісім мәселелері көтерілді.

«Менің ойымша, осы клубтың жұмысының арқасында жастардың өздері жастарға қатысты өткір мәселелерді көтеріп, олардың шешу жолдарында көрсетеді», - деп «Жас Отан»ЖҚ белсендісі  Әділгерей Зұлхаров мәлім етті.

Келелі кеңес барысында қатысушылар қалалар мен шағын елді мекендердегі жастар проблемасын шешу бойынша пікір аламасып, жастарға арналған  мемлекеттік және салалық бағдарламалар жете сарапталды.

Барлық ескертулер мен ұсыныстар бір жерге жинастырылды, енді олар облыстық және аймақтық орындаушы органдарға танысу зерттеу үшін жіберіледі. 


Back to the list