• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда ұйғыр тілін оқытатын 65 мектеп бар – Р.Махпирова 15.04.2014

«Қазіргі таңда Қазақстанда 250 мыңнан астам ұйғыр өмір сүреді. Солар үшін ұйғыр тілін үйрететін 65 мектеп болса, соның ішінд 50-і аралас мектеп те, 13-інде тек қана ұйғыр тілінде білім беріледі. Алайда онда билингвалды оқыту әдісі енгізілген», - дейді Р.Махпирова.

Оның айтуынша, бүгінде республикалық ұйғыр мәдени орталығы елдің білім беру деңгейін арттырудағы жауапкершілікті өз дәрежесінде түсінеді.

«Балалар біздің болашағымыз. Егер олар кемінде үш тілді меңгеретін боса, олардың болашағын жарқын дей беріңіз», - дейді басқарма мүшесі.

Бүгінде әрбір этномәдени орталықта өзінің аналар кеңесі құрылған.

«Біз отбасы мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Бала тәрбиесі мен патриотизмге баулу деген ұлы іс. Патриотизмнің ең алдымен отбасынан басталатынын ескерсек, әйел-ананың Отанға деген сүйіспеншілікті оятудағы маңызы зор. Бүгінде өзіміздің мәдениетіміз бен тілімізді меңгеруге және тәжірибе алмасуға барлық жағдай жасалған», - дейді ол.


Back to the list