• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚХА  XXI сессиясы  алдағы бесжылдықтың тәсілдерін  нақтылайды - Г.Кан 15.04.2014

«Шын мәнінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өтіп кеткен XX сессиясы жаңа кезеңді білдіреді, себебі ол «Қазақстан-2050» Стартегиясы қабылданған соң  өтті. Сонымен қатар, осы стратегиялық маңызды құжатта біздің 2050 жылға дейінгі экономикалық, техникалық, инновациалық, әлеуметтік бағдарларымыз таныстырылды. Өткен жылғы сессияда 2050 жылға дейінгі амбицияға толы жоспарымыздың бағытындағы еліміздегі интерактивті жаңа инновациялық ұлттық саясат туралы айтылды», - деп Г. Кан тап өтті.

Сонымен қатар ол, алдағы сессия жаңа бағыттарды анықтайды, деп баса айтты.

«Алдағы сессия біздің пайымдауымызша маңызды әлем мәдениеті мен руханият, келісім  сынды мәселелерге басымдық береді. Осы руханиятты, әлем мәдениетін іске қосу керек. Сондықтанда алдағы сессия жақын бес жылдағы жағдай бойынша тәсілдерді нақтылайды. Біздің алдымызда 7 бесжылдық бар. Ал, алдымыздағы бесжылдық жаңа тәсілге негізделген ҚХА, біздің бірліктің  жаңа негізін салады», - деді Г. Кан.


Back to the list