14.04.2014
Басты іс-шаралардың бірі - 18 сәуірде Бейбітшілік және Келісім сарайында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы.
Сондай-ақ, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қалалық шығармашылық ұжымдардың және ұлттық мәдени орталықтардың қатысуымен Қазақ елі алаңында мерекелік концерт, халықтық серуен ұйымдастырылады, деп Астана қаласының әкімдігінде хабарлады.
Бұдан басқа, Астанада 1 мамыр мейрамы қарсаңында М.Горький атындағы орыс драма театрында Қазақстан халқының достығы фестивалі, Қырғызстан Республикасы елшілігінің ұйымдастыруымен Қырғызстан суретшілерінің көрмесі, мемлекеттік тілді меңгерген түрлі ұлыс өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл бізді біріктіреді» дөңгелек үстелі және мерекелік флэшмобтар өтеді.