12.04.2014
«Бұған дейін облыс орталығынан «Достық үйін» салу мәселесі көтеріліп келген болатын. Қазір құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Келесі аптада құрылыс жұмыстарын жүргізуге тендер жарияланбақшы. Қыркүйек айында «Достық үйін» пайдалануға береміз деп ойлаймын», - деген облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов сессияға аттанғалы отырған атыраулық этно-мәдени бірлестіктер басшыларына ақ жол тіледі.
Бұл басқосуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында берген тапсырмалары мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері, қол жеткізген жетіс-тіктер мен алға қойылған мақсаттар сөз болды.
Аймақ басшысының айтуынша, үлкен жетістіктер мен табыстарға қол жеткізуге қоғамдағы татулық, ұлтаралық келісім мен ынтымақтастық үлкен септігін тигізді.
Этно-мәдени бірлестіктер өкілдерімен тығыз байланыс, пікір алмасу халық арасындағы достықты одан әрі нығайта түсірді.