11.04.2014
Қазір аймақта 9364 татар, 771 башқұрт ұлтының өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың ұлттық өнерін сақтап, дамытуына жарты ғасырдан бері жұмыс жасап келе жатқан «Язгы-Моннар» ән-би ансамблі айтарлықтай үлес қосып келеді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Үш қызым «Язгы-Моннар» ән-би ансамблінің мүшесі. Кішкентай қызым екі жасынан өлең айтуға құмар болды. Үлкен қызым би билейді. Қазір бұл ансамбль жер-жерде өнер көрсетіп жүр. Жақында Қазан қаласында өткен өнер байқауынан кіші қызым лауреат атанып келді. Отбасымызбен тығыз араласып, осы орталықтың жұмысына әрдайым қол ұшымызды беруге дайын тұрамыз», - деді «Шатлық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшесі Райс Ғалиуллин.
Мерекелік кешке жиналғандар татар-башқұрт және басқа да этномәдени орталық ұжымдарының өнерін тамашалады.