10.04.2014
Оның жұмысына барлық аймақтардан Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың өкілдері қатысады, деп ҚХА-да хабарлады.
Сондай-ақ, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция және БАҚ қатысады.
Сессия соңынан Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты концерт өтеді.
ҚХА-ның ХХ сессиясы қарсаңында 17 сәуірде Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Сессия бағдарламасы аясында аймақтық делегат-қатысушылар үшін бекітілген орталық мемлекеттік органдар басшыларымен, Ассамблеядан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесулер, Астана қаласының көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады.