09.04.2014
«Бүгінде біздің облыста 33 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, соның ішінде 15-і заңды тұлға. Біздің өңірдегі ең көп қоныстанған ұлт орыстар. Орыстардың саны 120 мың болса, украиндар 10 мың, татарлар 8 мың, өзге ұлт өкілдері 2 мыңды құрайды», - дейді Г.Қапақова.
Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында 90-нан астам ұлт өкілдері өмір сүруде. Облыстық ҚХА құрамына этномәдени бірлестік пен діни бірлестіктер жетекшілері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган, оқу орындары, қауымдастық пен жастар бірлестігі өкілдері, кәсіпкерлер енеді. Олардың ұзын саны 116.