05.04.2014
«Осы жылдар аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясы кемеліне жетті, ұлтымыздық маңызды жалпыазаматтық интитуты болып қалыптасты. Ақтөбе облысында 90 ұлттың өкілдері тұрады және 19 этномәдени орталықтар жұмыс істейді. Этномәдени орталықтар көптеген мәдени маңызды акцияларға ұйытқы болады. Жыл сайын достық фестивалі, гранттарды беру, ұлттық мәдениет пен тіл күндері өткізіледі, сонымен қатар Ақтөбенің этномәдени орталықтарының өкілдері Қазақстанның басқада аймақтарына және шет мемлекеттерге тәжірибеден өтуге жіберіледі», - деді И. Смолинец.
Оның пайымынша, Достық үйі ұлтаралық байланыс пен мәдени диалогтың орталығына айналды.
«Басқа да этномәдени орталықтар сияқты немістердің облыстық «Жаңару» қоғамы аймақта бейбітшілік пен келісімнің нығаюына күш салады. Сонымен қатар, қоғам Германиядағы отандастарымыздың ұйымдарымен серіктстік қарым-қатынасты дамуты бойынша жұмыстарды да жүргізеді», - деді сөз соңында қоғам төрағасы.