• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада ЭКСПО-2017 аясында Эрмитаж қорынан көне қару-жарақ көрмесі өтуде 03.07.2017

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, көрмеге Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшісі М.Бочарников, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ЭКСПО-2017 көрмесіне келген шетелдік қонақтар, ғылыми зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан Мемлекеттік хатшы қару-жарақ жасау өнерінің Эрмитаж қорынан жинақталған көрмесі ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымдастырылып отырғанын айтты. Халықаралық мамандандырылған көрме аясында барлығы 6 мыңнан астам іс-шара өтеді. Бүкіл дүниежүзіне әйгілі, әлемде адамдар ең көп баратын 20 музейдің бірі болып саналатын Эрмитаждың келуі – Қазақстан мен Ресей арасындағы шынайы достық қарым-қатынастың айғағы.

Одан соң Гүлшара Әбдіқалықова адамзаттың бүгінде, сарапшылардың пікірінше, жаңа соғыс қатері алдында тұрғанын атап өтті. Сондықтан Қазақстан Президенті өзінің «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесінде: «Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдардың, бизнесмендердің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдардың күш-жігерін жұмылдыру қажет» деген болатын.

Мұражайға келушілерге қару-жарақ жасау өнерінің қыр-сырын ұғынып, Шығыс пен Батыстағы өнердің тарихы мен өркендеуі, қарудың алуан түрі, оларды жасаған орталықтар мен әйгілі қару-жарақ шеберлері жөнінде білуге мүмкіндік береді.

Жәдігерліктер қоры қару-жарақ жасау өнерінің XV  ғасырдан XIX ғасырдың соңына дейінгі елеулі тарихи даму кезеңін қамтиды.

Көрмеге қару-жарақ жасау өнерінің 70 шақты үлгісі қойылған, олардың қатарында Германиядан, Түркиядан, Жапониядан, Франциядан, Үндістаннан, Италиядан, Испаниядан, Ираннан және әлемнің өзге де елдерінен келген әскери, аңшылық және салтанатты қару-жарақ түрлері бар. 

 

 

 


Back to the list