• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағандыда  музей-шахта ашылды 03.07.2017

Қарағанды облысының әкімдігі  хабарлағандай, оқыту шахтасы  1981 жылы салынған. Енді ол музей ретінде қайта қондырғыландырылады.

Шахтаға түспес бұрын меймандар  Қарағандыда алғаш рет көмір қалай табылғаны туралы дәрісті тыңдайды. Одан кейін келушілерге арнайы киім-кешек беріліп, қауіпсіздік шаралары түсіндіріледі.

Шахтаның өзі  15 метр тереңдікте орналасқан.

Жерасты музейі жүзден астам  шаршы метрді  алып жатыр. Қазіргі шахталарда жұмыс істейтін қондырғылар да бар. Әрбір құрылғыда қалай жұмыс істейтіндігі туралы ақпарат берілген. Ақпарат мәтін түрінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде  жарияланған.

Болашақта бұл түсіндірмелерді  QR-кодқа ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ,  олардың қатарына  аудиофайлдар қосылады.

 


Back to the list