24.06.2017
«Біздің делегациямыздың 80%-ын жастар құрайды. Біз өзіміздің тарихи Отанымызға жастарды арнайы жібереміз, себебі олар Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік ахуалын білуі керек. Президенттің қатысуымен өткен қазақтардың V дүниежүзілік құрылтайында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Өткен құрылтайдан нәтижелі әрекеттер күтеміз», - деді С. Шабан.
Серкан Шабан атап өткендей, Стамбулда қауымдастық қазақ тілінде білім, ғылым саласындағы әр түрлі конференциялар ұйымдастырып отырады. Сондай-ақ, қауымдастық қазақ диаспорасына арналған халықаралық журнал да шығарады.
«Бізде «Қазақ елі» журналы бар, ол біздің туған тілімізде шығарылады. Ол тек Түркияда ғана емес, сонымен қатар Еуропаның 8 елінде жарық көреді. Біздің одан арғы мақсатымыз – оны ондаған елдерде барынша көбірек тарату», - деп ақпараттандырды спикер.
Еске сала кетейік, қазақтардың V дүниежүзілік құрылтайының жұмысы 25 маусымға дейін жалғаспақ.
Ақбота Күзекбай