• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда  танымал қазақтардың электрондық  базасы   құрылады 23.06.2017

«Өмір бойы өзге елде тұрса да этникалық  туған жерінің атын  білім мен өнер саласында  шығарып жүрген танымал тұлғаларды  тарихи Отаны білуі керек. Мен танымал қазақтардың үкіметтік электрондық базасын   құруды  ұсынамын», - деді Президент.

Мемлекет басшысы айтып өткендей, аталмыш жоба  тарихи Отанында тұрмайтын қазақтарға   жол ашады.

«Қоғамдық сананың  жаңаруы – барша қазақтардың жаңаруы. Бірлік – бар қазақтың тұтастығы. Бұл басты мәселе. Осының барлығы Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің нәтижесінде жүзеге асады», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев шетелдегі қазақ диаспорасына  қолдау көрсету мақсатында «Отандастар» қорын құруды ұсынды.

Ақбота Күзекбай

 


Back to the list