19.06.2017
Атап өтер болсақ, қалашықтың тағдыры жөніндегі мәселе соңғы бірнеше жыл бойы қозғалып келген. Енді, міне, арнайы бағдарламаның нәтижесінде бұл тарихи ескерткіш туристер мен көненің көзіне қызығатын жандар үшін ерекше орынға айналады.
Көне қалашық маңында соңғы ондаған жыл бойы салынған құрылыс нысандары сүріледі. Олардың орнына қорған-қабырға соғылатын болады.
Ол қалашықты кезінде қоршап тұрған қорғанға ұқсас етіп салынады.
«Қорғанды бойлай қолөнершілердің туындылары мен шеберлік орындары орналасып, нағыз демалыс орны пайда болады. Ал қорғанның ішінде көненің көзіне қызығатын барша жандар үшін ашық аспан астындағы нағыз музей болады. Онда сәулетшілер өздерінің қазба жұмыстарын жалғастыра бермек», деп көрсетілген хабарламада.
Айта укетерлік жайт, Шымқаланың жасы осы қалашықта жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған жәдігерлермен нақтыланған.