13.06.2017
Концерт 18 маусымда өтеді, ол Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына арналған және Финляндияның туыстас қаласы Оулудан сыйлық.
Елорданың мәдениет басқармасынан хабарлағандай, Оулу қаласымен Астана 2013 жылдан бастап ресми түрде әріптес, дәл осы жылы туыстық қарым-қатынасты орнату туралы келісімге қол қойылған болатын.
Концертте Финляндияның және Қазақстанның танымал әртістерімен орындаушылары өнер көрсететін болады. Мәселен, халықаралық аренада танымал фин әншісі Вениор (Venior) өз өнерін паш етеді, ол әсем дауысқа ие. Вениордың (Venior) музыкасы – түрлі жанрлардың әдемі қоспасы. Шоуды финдік сиқыршы-маг Йони Паканен жалғастырады, бүгінде ол бүкіл әлемде өзінің сиқырлы бағдарламасымен өнер көрсетіп жүр.
Ал, кештің ерекшелігі әуе гитарасында ойнаудан әлем чемпионы Джастиннің «Солтүстік тарсыл» бағдарламасы болмақ. Ол өзінің шеберлігін Air Guitar World Championship дәлелдеді. Әртіс өзінің көзге көрінбейтін гитарасында ойнау арқылы бейбітшілік пен махаббат жолдауын, өзінің өнері арқылы түсіністікті таратады.