• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада  айналмалы аттракцион  қала   күніне қарай ашылады 07.06.2017

Нысанның биіктігі 65 метр, бұл 22 қабатты ғимараттың биікктігімен бірдей. Салыстырмалы түрде алсақ алматылық аттракционның биіктігі 60 метр. ТМД елдерінің ішінде ең биік айналмалы дөңгелек Мәскеуде орналасқан. Оның биіктігі 73 метр.

Жаңа «дөңгелектің» ауа баптағышпен әрі жылыту қондырғысы орнатылған 36 кабинасы бар. Бұл аттракционды жылдың кез келген мезгілінде қолдануға мүмкіндік береді.

Нысанның құрылысы кезінде елорданың климаттық жағдайы ескерілді.

«Айналмалы аттракцион жел тармақтары тәртібі бойынша арнайы төрт бағанмен орнатылды. Аттракционда қыста – 15 градустан аспайтын аязда және секундына 20 метр жылдамдықтан аспайтын жел кезінде де серуендеуге болады», - деді нысанның құрылысымен айналысатын мердігер компания өкілі медиа орталықтың тілшісіне.

Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.  

 

 


Back to the list