• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Кәсіби мереке қарсаңында мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды 22.05.2017

Қатысушыларға алғысын білдірген ол ақын, композитор  Махаббат Бигельдиев, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының хор әртісі Шолпан Жағыпарова мен Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Светлана Иманқұловаға «Мәдениет саласының үздігі» құрметті төсбелгілерін тапсырды.

«Сондай-ақ мәдениет және өнер қайраткерлерінің бірқатары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың арасында «Астана Опера» театры директорының орынбасары Александр Савостьянов, ҚР МСМ Ішкі аудит қызметінің басшысы Асем Нұржанова, ҚР Ұлттық музейі Археология және этнография бөлімінің жетекшісі Әлишер Беспалинов, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Данияр Мұқатаев, т.б. «Астана Опера» театры Жалпы бөлімінің басшысы Дастан Джанбирбаев, Ұлттық академиялық кітапхананың еден жуушы Шұға Әлиасқарова, Ұлттық музейдің Арт менеджер маманы Қарлығаш Нұрмағанова «Еңбек даңқы» наградасымен марапатталды. Салалақы кәсіподақтың мақтау қағазы ҚР МСМ Заң қызметі департаменті директорының орынбасары Төлегенқызы Әлияға табысталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 2013 жылдан бастап ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күні 21 мамырда аталып келеді.


Back to the list