19.05.2017
Бірінші қазақстандық павильон Фестиваль сарайының қасындағы Le Village International кино нарық аумағында орналасқан.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Еуразия» халықаралық кинофистивалінің ұйымдастырушылық комитетінің қолдауымен ашылған Ұлттық павильон кәсіби кездесулер өткізу, кинотуындыларды насихаттау мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін серіктес табуда көмектесу жұмыстарын атқарады.
«Ұлттық павильонды ашу Қазақстанның имиджін нығайтады, киноиндустрия саласындағы ынтымақтастық, серіктестік кеңістігін кеңейтіп және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - деп ведомстводан атап өтті.
Отандық павильонның бағдарламасында басты орын «Еуразия» халықаралық кинофестивалін таныстыруға берілген. Ол Астана қаласында 2017 жылдың 22 мен 28 маусым аралығында ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» көрмесі аясында өтеді.