• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматы облысында ҚР Президентінің мақаласын жүзеге асыру бойынша комиссия құрылды 18.05.2017

Баяндамашының айтуынша, қазіргі кезде облыста қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия құрылған.

«Бұл комиссия қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары бойынша алты бағытта жұмыс істейтін болады. Оған қоса «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Басқару кеңесі, Сарапшылар кеңесі және хатшылық құрылып, жұмыс істеуде», - деді ол.

Ж. Омар атап өткендей, «Туған жер» бағдарламасының аясында өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленген. Оның ішінде «Менің Жетісуым» жерлес кәсіпкерлердің аймақты қолдау облыстық форумы, «Жетісудың жеті кереметі» таңдаулы тарихи-мәдени, өлкетану экспедициясы, түркітілдес мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен «Ұлттық код және латын әліпбиі» тақырыбында халықаралық ғылыми практикалық конференциясы, «Жетісудың жастарға тартуы», білім беру ұйымдарына факультатив есебінен  «Туған өлке тарихы және Өлкетану» пәнін енгізу бойынша жұмыстарды жандандыру, «Жетісудың әдебиет айдыны» атты облыстың ақын-жазушылармен кездесуі және басқа да шаралар қарастырылған. Сондай-ақ жақын арада арнайы интернет-портал, өңірлік жобалардың интерактивті картасы, қолдауға мұқтаждардың картасы, еріктілер корпусы құрылатын болады.


Back to the list