18.05.2017
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының басшысы А.Мысырәлімова ақпараттандырғандай, Тұжырымдама жобасының негізгі бағыттары 4 негізгі блок – білім, өңірлік мәдениет, қолдау және ақпараттық қолдаумен қамтамасыз ету бойынша жүйелі тәсілді көздейді.
Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда өңірде жұмыс тобының құрамы анықталғанын қосты, оған қоғамдық, этномәдени бірлестіктердің, саяси партиялар мен бизнес орта өкілдерінің мүшелері кіреді.
Облыс әкімі «Туған жер» бағдарламасын іске асыру жұмысына тартылатын мамандар тобын кеңейту міндетін қойды, атап айтқанда, ол жұмыс тобының құрамына әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушыларын енгізуді ұсынды.
Бұдан бөлек, қатысушылардың талқылауына «Туған жер» бағдарламасын іске асыру жоспарының жобасы ұсынылды, ол 150-ден астам іс-шараны қамтиды.
Жиналыс соңында Жұмыс тобы Хатшылығының дербес құрамы анықталды, сондай-ақ «Туған жер» бағдарламасын іске асыру үшін жұмыс тобы аясында Басқарушы және Сараптамалық Кеңестердің құрамдары бекітілді.