• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда халық музыкасын танымал ету жобасы іске қосылды 11.05.2017

Министрдің айтуынша, жобаға қазақстандықтар ғана емес, Ресей, Қытай Халық Республикасы, Монғолия және Алтайдан келген қазақ тілді музыканттар да қатысады.

«Жобаның мақсаты – жастар арасында халық музыкасын дамытып, танымал ету. Еліміздің әрбір өңірінде халық музыкасын орындаушылар арасында іріктеу турлары өтеді, ал олардың ең үздіктері Республикалық телевизиялық байқауға жолдама алады», - деді министр.

Қазылар алқасында еліміздің белгілі музыканттары мен орындаушылары болады, олар ең үздік қатысушыларды таңдайды.

Байқауға халық әндерін орындайтын, домбыра, қобыз, сырнай сияқты ұлттық аспаптарда ойнайтын 18-40 жастағы азаматтар қатысады.

«Байқауға қатысу туралы өтініш байқау басталғанға дейін 20 күн бұрын тұрғылықты жері бойынша ұйымдастырушының электрондық мекенжайына жіберілуі тиіс», - деп нақтылады Д. Абаев.

Министр байқау жеңімпаздары Астанада жиналып, жоба аясында арнайы сыйлқтармен марапатталатынын айтты. 


Back to the list