• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ұлттық музейде Әзербайжан туралы фотожұмыстар көрмеге қойылды 10.05.2017

Ұлттық музейдің мәліметі бойынша көрмеге қонақтар мен келушілердің қызығушылығын тудыратын көрме тақырыбын ашатын Әзербайжан фотосуретшілерінің 50-ден астам туындылары қойылды.

Айта кетерлік жайт, фотокөрмені Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Елшілігі Баку қаласында 12-22 мамыр аралығында өтетін Ислам ынтымақтастығының IV ойындарының ашылуы қарсаңында ұйымдастырып отыр. 

Сонымен қатар  көрме Әзербайжанның жалпы ұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің 10 мамырда тойланатын 94 жылдығына да арналды.

Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Мамедовтың айтуынша, конференциялар, форумдар мен көрмелер бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуда өз үлестерін қосып келеді.  

«Қазіргі таңдағы әлем үшін толеранттық пен мәдениеттілік жетіспейтін секілді. Дін аралық қақтығыстардың көбейіп бара жатқаны да сондықтан деп ойлаймын. Әлемдік БАҚ ислам дінін террористердің діні ретінде көрсеткісі келіп, іріткі салып бағуда. Қазіргі дүние жүзілік жағдайдан байқап отырғандарыңыздай бұл қақтығыстар жақсылыққа апармайды. Ал, аталмыш келеңсіздіктердің алдын алу үшін қарапайым халықтың мәдениеттілігі мен төзімділігін, дүниені тануын арттыратын көрмелер өткізгеніміз жөн және бүгінгі көрме солардың бастамасы болмақ», - деді ол.

Ұлттық музейден хабарлаандай, көрме  22 мамырға дейін жалғасады. 


Back to the list