• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Суреттегі тағдырлар» көрмесі елордалық тұрғындарға есігін айқара ашты (ФОТО) 29.03.2017

Қоғам қайраткері, педагогикалық ғылым докторы, филолог және суретші Шаймардан Сариевтің жұбайы Күлпаш таланттың ерекше тұстарын атап өтті.

«Шаймардан Сариевтің  шығармашылығы – уақыт талабы. Бұл жерде туындылардың барлығы қойылмады, себебі ертең Алматыда Ә.Қастеев атындағы музейде  мерейтойлық көрме ашылады.

Оның айтуынша, Астанаға Атырау музейі мен отбасы мұрағатындағы суреттердің аз бөлігі ғана жеткізілген.

«Мен дос ретінде бірінші кезекте ол қазақ өнеріне үлкен үлес қосқанын айта аламын. Біз оның туындыларына қарап, бірден қазақ суретшісі екенін анықтаймыз. Ол өз ісіне адал еді»,- деді суретшінің жары.

Ш.Сариев 150 туындыны дүниеге әкелген, өкінішке қарай оның көбісі жоғалып кеткен.

«Ол үшін Кеңес Одағының мойындағаны басты мәртебе болатын, себебі ол өз кезеңінде бағаланбады. Өмірден өтеріне  бір апта қалғанда, яғни 1988 жылы  Суретшілер одағына қосылды. Ол қазақша бояуды араластыруды жақсы көрсетін. Ол тек сурет салып қоймай, өлең де шығаратын», - деді ол.

К.Сариева қазір 80 жылдыққа арналған альбомның жұмысымен айналысып жатыр, суретші туралы деректі фильм де түсіргісі келеді.

Аталмыш көрме 10 сәуірге дейін жалғасады.

Ақбота Күзекбай

Фото: Арман Мұхатов


Back to the list