21.03.2017
Мерекелік концерт ЭКСПО туралы әнмен ашылды. Концертке қазақстандық жұлдыздар қатысып жатыр. Ұйымдастырушылар ерекше шоу паш етпек.
Концерттен кейін делегация Елбасының төрағалығымен «Хан-Шатыр» СОСО жанында орналасқан этноауылға барады. Алаңда мерекені тойлау жалғасын табады.
Айта кетейік, Астанада Наурыз мейрамын тойлау 5 алаң мен 10 тұрғын үй ауласында өтеді. «Хан-Шатыр» СОСО маңында 19 киіз үй құрылған этноауыл қоныс тепті. Сондай-ақ, алаңда шығыс базары, сауда орындары мен алтыбақандар бар.
Қайрат Жандыбаев