22.03.2017
«Қазіргі таңда аталмыш мәдени орталықта қолөнер көрмесі өтуде. Бұл көрмеде ескі самаурын мен жүн түтетін құралдар, баян, бас киімдер мен біздің қолөнер бұйымдары көрсетелідеі. Біз түркі әлеміне ортақ мерекені тойлаймыз», - деді З.Низамутдинова.
Ол айтып өткендей, «Тан» мәдени орталығы өз жұмысын 1994 жылы бастады. Бұл жерде татар, башқұрт мәдениеті мен татар тілі оқытылады.
«Астанада 10 мың татар мен мың башқұрт өмір сүруде. Сондықтан 1994 жылы татар-башқұрт мәдени орталығы «Тан» атауымен құрылды. Орталықта татар тілін меңгеріп, татар мен башқұрт мәдениетін меңгеріп жатырмыз. Сондай-ақ, Наурыз, Сабантой мерекелерін тойлаймыз», - деді «Тан» орталығының басшысы.
З.Низамутдинова барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Наурыз – түркілердің ортақ мерекесі. Ол жаңарудың, қайта тірілудің белгісі. Барша қазақстандықтарға береке, бірлік, байлық тілеймін», - деді ол.
Қайрат Жандыбаев
Видео:автор