• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматыда Универсиада аясында «Алатау алабында» этно-фестивалі өтуде 03.02.2017

Туристер мен қала тұрғындары жігіттердің өнерін тамашалап, түрлі шеберлік сыныптарына қатысып, киіз үйді қою, киіз басу әдістерімен танысып, ұлттық астан дәм татып, ұлттық термелерді, күйлер мен әндерді тыңдап, зергерлік бұйымдарды көруде.

«Алатау алабында» этно-фестивалі аясында сахнадан ұлттық киімдер, шығармашылық ұйымдардың театрландарылған қойылымдары көрсетіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, этноауылда үш үлкен сфера орнатылған. Оның біріншісінде қонақтарға ұлттық ас ұсынылады, ал екіншісінде қолданбалы өнер жәрмеңкесі өткізіледі, үшіншісінде 300 адамдық концерт залы жұмыс істейді.

Сферлердің ішінде кіші ауылдар, бүркітші, зергерлік бұйымдар ауылы, музыкалық құралдар жәрмеңкесі орналасқан.

«Алатау алабында» этно-фестиваль аясында "Алатау" дәстүрлі өнер театрында күн сайын дәстүрлі музыкадан концерт өтуде.

 

 


Back to the list