31.12.2016
ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әншісі Дастан Есентеміров «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Ал облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Вячеслав Иночкин мен облыстық қазақ драма театрының ұжымы облыс әкімінің Құрмет грамотасына, бірқатар мәдениет саласының мақтаныштары облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды.
Салтанатты жиында бұдан бөлек ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің ардагері» және "Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгілерімен, «Салалық мәдениет спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет белгісі» төсбелгісімен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының алғыс хаттары табыс етілді.