23.11.2016
Ақтоты Райымқұлованың айтуы бойынша, мәдениет және өнер саласындағы білім беру мәдени-білім беру кеңістігінің маңызды бөлігі, еліміздің ұлттық игілігі болып табылады. ҚР Мәдениет саясаты тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Министрлік Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы білім беруді дамытудың 2017-2022 жылдарға арналған стратегиясын әзірлеп жатыр.
ЖОО МСМ-ге берілгеннен кейін министрлік алдында шығармашылық білім беру сапасын одан әрі арттыру, сондай-ақ осы салада жаңа оқу орындарын ашу міндеті тұрды.
Ақпарат бойынша, бүгінгі таңда өнер ЖОО-лары 45 бакалавриат мамандығы, 38 магистратура мамандығы, 17 докторантура мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыруда.
2016-2017 оқу жылына ЖОО үшін бөлінген мемлекеттік білім гранттарының саны бакалавриат үшін – 888 орын, магистратура үшін – 131 орын, докторантура үшін – 10 орын. Бакалаврларды даярлау үшін мемлекеттік білім тапсырыстарының саны 118 орынға ұлғайды.