30.01.2015
«Бүгінде жаңа мекемелер салынып жатыр. Мәселен, Астана балет, Астана опера сынды нысандардың салынуы көзді қуантады. Бұл мемлекеттің аяққа тұруындағы алғашқы бастамалар ғана. Бүгінде Мәдениет министрлігіне өту үдерісі – бұл білім беру саласындағы қайта құрылу, әсіресе мәдениет саласында кадр дайындау саласында септігін тигізеді. Бұл жерде шығарылыммен тікелей жұмыс жасалады, театр, филармония, концерттік ұйымдар үшін кадрлар дайындалады», - деді А.Мұсақожаева.
Ректор атап өткендей, біздің республика құрылуы барысында орындаушы шеберлік бойынша кадр дайындау өте жақсы дамыды. «Қиын-қыстау шақтарда өзгерістер мен ауыртпашылықтарды жою білім беру және мәдени саладағы кадр дайындаудың басты міндеті. Қоғамда мәдениеттілікті сақтап қалу қажеттілігі туындауда», - деді А.Мұсақожаева.