• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
А.Мұхамедиұлы: Астанадағы  Ұлттық пантеон құрылысы – заңды қадам 30.01.2015

«Ұлттық пантеон құрылысы – тарихи қадам. Бұндай тәжірибе бұрын-соңды Франция, Австрия, Германия мен өзге де алдыңғы қатарлы мемлекеттерде қолға алынған. Біздің қазір осы қадамға баруымыз қажет-ақ. Өйткені ол адамдық қатынас саласындағы біздің басты қызметіміз болып табылады. Біз елдің қалыптасып, дамуына үлес қосқан тұлғалардың келер ұрпақ жадында сақталуына жағдай жасауымыз керек», - дейді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан көпдінді мемлекет. Қазіргі таңда министрлік оқымыстылармен бірлесіп пантеон тұжырымдамасын дайындауда.

«Бұл мәселе оңай іс емес. Көпдінді қасиетімізді ескере отырып біз қазір пантеон тұжырымдамасын оқымыстылармен бірлесіп дайындап жатырмыз. Жұмыс қызу жүруде. Елде осы бастаманың қолға алынуы маңызды қадам», - деді А.Мұхамедиұлы.

Индира Қауметова


Back to the list