30.01.2015
Залда Қазақстанның бейнелеу өнерінің қазақстандық тұңғыш кәсіби графикашылары мен мүсіншілерінің туындыларының түпнұсқалары мен көшірмелері қойылған. Атап айтар бослақ, олардың арасында Әбілхан Қастеев, Құлахмет Қожықов, қазақстандық тұңғыш кәсіби суретші Айша Ғалымбаева, Әубәкір Исмайылов, Регина Великанова, Хәкімжан Наурызбаев, Анатолия Билык, Гюнтер Гуммель, Ескен Сергебаевтың туындылары бар. Соның ішінде Қазақстанның халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Евгений Матвейұлы Сидоркиннің еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Хабарламада айтылғандай, таныстырылым шарасында құрметті қонақтар қатарында халық суретшісі Әубәкір Исмайыловтың қызы Гүлзамира Әубәкірова, суретші-мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов, атақты суретші-зергер Сержан Баширов, дипломатиялық корпус, кәсіпкерлік құрылымдар өкілдері, қоғам қайраткерлері, мәдениет, өнер мен білім саласы қайраткерлері бар.