27.01.2015
«Алтын Орда кезеңінде пайда болған Сарайшық қалашағы жедел араласу шараларын қажет етіп тұр. Бұл Қазақ хандығының тарихымен етене аралас орын. Бұл мәселенің шешілуіне жергілікті билік араласуы керек. Бұл мәселе бірде көтеріліп, бірде қозғалмай отыр, оны шешіп соңына дейін жеткізу қажет», - деді З.Самашев.
Айта кетерлігі, Сарайшық – Алтын Орданың сауда орталықтарының бірі, кейіннен Ноғай Ордасының астанасы атанады. Қала Еділ мен Хорезм арқылы Еуропадан Қытайға бағытталатын Атырау қаласынан 50 км орналасқан болатын.
Қазіргі таңда қалашықтың қасында Атырау облысының Махамбет ауданы орналасқан. Орал өзенінің шаюы салдарынан тарихи орын жоғалуда. 1999 жылы бұл орында «Сарайшық – Хан тағы» мемориалды кешені тұрғызылды.
Индира Кауметова