22.01.2015
Аталып өткендей, шараны Ақмола облысы жастар саясаты мәселелері бойынша басқарманың Жастар ресурстық орталығы Көкшетау қаласы әкімдігімен ұйымдастырды. Кездесу аға ұрпақтық жастармен әңгімесі түрінде өткізілді. Жалпы, әңгіме барысында жастар майдангерлердің сол кездегі өміріне үлкне қызығушылық танытты.
Ұлы отан соғысының ардагері, ерлігі үшін «Сталинград», «Германияда жеткен жеңісі үшін» медальдарымен марапатталған Владлен Лесничий, майдандағы ұрысқа Отанымызға деген махаббатымыз үшін шығатынбыз, өзіміз үшін емес қасымыздағы майдангерлерге алаңдайтынбыз, ойымызда бір ғана ой болды - ол Отанымызды жаудан қорғау, деп соғыс жылдарынан сыр шетті.
«Достар мен сіздердің болашақ ересек өмірге өздеріңізді дайындауларыңызға және туған еліңіздің патриоттары болуларыңызды тілеймін» - деп атап өтті Владлен Тимофеевич.
Бұдан басқа, ұйымдастырушылар Ұлы Отан соғысы ардагері Жүсіп Оспанға қаржылай сертификат табыс етіп, 90-жасқа толуымен құттықтады.