• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазпочта балалар үйінің тәрбиеленушілерінің салған суреттерінің эскизі бойынша пошта маркаларын айналымға енгізді 15.01.2015

Министрліктен толықтырып өткендей, конкурс Қазақстан Республикасының Балалар құқығын қорғау туралы конвенцияны ратификациялаудың 20 жылдығымен ұштастырылған.

Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлеріндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінің 200-ден астам суреттері қатыстырылды.

«Қазпошта» Акционерлік қоғамы конкурс жеңімпаздарының суреттерін пайдалана отырып, «Балалар сурет салады» төрт марка топтамасы шығарды.

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар: Жамбыл облысынан Талипов Дмитрий, Батыс Қазақстан облысынан Муштубаева Эльвира, Қостанай облысынан Сидоров Александр, Астана қаласынан Василенко Раиса анықталды.


Back to the list