15.01.2015
"Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алу барысында Мәңгі алау маңында 71 шырақ жақты. Акцияға Есет батыр атындағы мектептің, «Сарбаз» патриоттық клубының, жас ұшқыштар мектебінің тәрбиеленушілері, қалалық «Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының мүшелері, №27 орта мектеп-лицейінің оқушылары қатысты", - делінген хабарламада.
Толықтырып өткендей, осыдан 71 жыл бұрын дәл осы күні, 1944 жылдың 14 қаңтарында қазақтың даңқты батыр қызы дүниеден өтіпті.
Жастарға Әлия мен Мәншүк атындағы «Қос шынар» қайырымдылық қорының басшысы Ғалымжан Байдерес Әлия жайлы әңгімелеп берді.
Ержүрек қыздар мен соғыстан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
.