• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР Үкіметінде ҰОС Жеңісінің 70-жылдық мерекесін әзірлеу бойынша ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті 13.01.2015

Отырысқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» Орталық кеңесінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы қаралды. Атап айтқанда, ҰОС ардагерлерін және оларға теңестірілген тұлғаларды мерейтойлық медальдармен марапаттау, оларға әлеуметтік, материалдық және медициналық көмек көрсету, сондай-ақ Қазақстандағы ардагерлер делегацияларының ТМД елдерінде өтетін мерекелік іс-шараларға қатысу мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Б.Сапарбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесін әзірлеу және оны өткізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарының дер кезінде әрі сапалы орындалуына қатысты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
 


Back to the list