13.01.2015
«Әділет министрлігі дәстүрлі білімдер мен дағдылардан айрықшаланатын қазіргі заманғы жағдайларда өнеркәсіптік өндіріс технологиясына патенттерді тіркеуге және беруге жауап береді. Өнертабысқа патент беру үшін патент қабілеттілігі, жаңалық жағдайлары тексеріледі. Дәстүрлі білімдердің (өнім немесе оларды шығару тәсілі) ешқандай объектісі жаңалыққа тексеруден өте алмайды», - делінген хабарламада.
Осылайша, өнеркәсіптік өндіріс технологиясына патенттер беру олардың құқық иеленушілеріне дәстүрлі өнімдерге және сусындарға өзге де дәстүрлі бұйымдарға құқықтар бермейді.
«Оларды пайдалану және қорғау мәселесі мәдениет саласындағы заңнамамен реттеледі», - деп ведомсвтодан атап өтті.
Атап айтқанда, «Мәдениет туралы» Заңның 7-бабына сәйкес Мәдениет және спорт министрлігінің құзыретіне дәстүрлерді, салттарды, тілдерді және олармен байланысты білімдер мен дағдыларды қоса алғанда, ұлттық материалдық емес мәдени мұраны қорғау және дамыту мәселелері жатады.
Сонымен қатар, бұл Ұлттық мәдени игілік объекттерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуге және 2013 жылғы 29 сәуірдегі Үкімет қаулысымен мақұлданған материалдық емес мәдени мұраны қорғау және дамыту туралы Тұжырымдамасын іске асыруға қатысты.
Осы сәттен бастап Мәдениет және спорт министрлігі 2012 жылғы 12 қантардағы «Мәдениет туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы Заңның 7 бабының 35-1 тармағының негізінде Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінің игілігі болып табылатын белгілерді тауар таңбасы ретінде пайдалануды келісуге міндетті.
Халықаралық дәрежеде Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетін қорғауды Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы объекттерін ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне енгізу бойынша жұмысы аясында жүзеге асырады.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың қараша айында ЮНЕСКО-ның аталған тізіміне «Дәстүрлі қазақ домбыра күйін орындау өнері» және «Қырғыз және қазақ киіз үйлерін жасаудың дәстүрлі білімдері мен дағдылары» (түркі көшпелі халықтарының (Қырғыз Республикасымен бірге) 2 объекті енгізілді.