10.01.2015
Отанымызды фашистік басқыншылардан қорғаушылардың халық жадынан өшпес ерлігін, өткен шақ пен бүгінгі күндер сарбаздары мен офицерлері ұрпақтар сабақтастығының белгісіндей қастерлі жәдігерді Қапшағай гарнизонының өкілдері салтанатты түрде Отардағы әскерилерге табыс етті.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Дулат Адырбеков әскери қызметшілерді Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге қатысты маңызды шарамен сабақтас тарихи оқиғамен құттықтады.
Командирдің айтуынша, Жеңіс вымпелі фашизмге қарсы тұрып, жан аямай қаратүнек обадан халықтардың бостандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалғандардың ұлы мұрасы және бізге шабыт беретін жолдауы болып табылады.
Ол сонымен қатар, «Отар» 40-шы әскери базасының құрамына кіретін 30212, 82796, 63302 әскери бөлімдері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері құрылып, майданға аттанғанын атап өтті. Көрсеткен ерліктері үшін бұл бөлімдерге «Гвардиялық» құрметті атағы берілді.
Жеңіс вымпелін Ұлы Отан соғысының ардагері Керімқұл Қосақовтың қолынан «Отар» оқу орталығының рота командирі аға лейтенант Елдос Хайров қабылдады. Ол киелі жәдігерді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілеріне беруді жалғастыратын болады.
Жеңіс вымпелін ұлықтау 12 қаңтарда Ақтаудағы пирсте өтеді.