• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
СҚО-да ҚХА мен БАҚ өкілдері марапатқа ие болды 30.12.2014

Тәуелсіздіктің нығаюына, ұлттық бірліктің тұрақталуына, мәдениаралық диалогтың дамуына  зор үлес қосқаны үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалiмен» ҚХА өкілдері марапатталды.

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық – саяси дамуы жайындағы  облыстық байқаудың  қорытындысын шығарды, республикалық масс-медиа өкілдері ақшалай сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

Салтанатты марапаттау рәсімі 5 номинация бойынша өтті: «Өңірдің экономикасындағы оңтайлы үдерістер», «Ауылдық бастамалардың қоғамдық мағынада шығармашылық тұрғыға ие болуы», «Өңірде мемлекеттік және әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуы», «Объективта – Солтүстік Қазақстан», «Экстремизм мен лаңкестікке қапрсы күрес бойынша ең үздік тақырып».

18 медиа маманның еңбегі аталып өтті.


Back to the list